ІЛІМСІЗ ҚҰЛШЫЛЫҚ-БОС ҚҰЛШЫЛЫҚ
03 қаңтар 2024
2234
0
Оқу режимі
Абай атамыз 10-қарасөзінде: «Ғылымсыз ақырет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды»,-деген екен.
Бір күні Әбу Ханифа таң намазынан кейін көптеген мәселелерге пәтуа береді. Көпшіліктің ішінде отырған біреу имамның бұнысын аса жақтырмай:
– Уа, имам, таң мезгілінде Алланы зікір еткеніміз дұрысырақ емес пе еді? – дейді. Сонда имам оған:
– Әр нәрсенің адал, арамын білдіруден артық іс бар ма? Жолға азық алмай шыққан адам қанша жүреді, әйтеуір бір ашықпай ма? Сондықтан құлшылық үшін де адам ілімін арттырып отыруы керек, – деп түсіндіріпті.
Пікірлер
Кіру