ИМАНДЫ НАҚТЫЛАЙТЫН СӨЗДЕР

09 сәуір 2024 1905 0
Оқу режимі

   Кәлима таийба («жақсы сөз»): »لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللهِ«  «Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-расулуллаһ». Мағынасы: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – Оның елшісі».   Кәлима шәһәда («куәлік сөзі»):

»أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللهِ«

  «Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ, уа әшһәду әннә Мухаммадар-расулаллаһ». Мағынасы: «Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммедтің Оның елшісі екендігіне куәлік беремін».   Кәлима таухид («Алланы бірлеу сөзі»):

»أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ لا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ المُلْكُ وَلَهُ الحَمْدُ يُحْيي وَيُمِيتُ وَهُوَ الحَيُّ لا يَمُوتُ، بِيَدِهِ الخَيْرُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ« 

 Оқылуы: «Әшһәду әл-ләә иләәһә иллаллааһу уахдаһу ләә шәриикә ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамду йухии уа йумиит, уа һуал-хаййу ләә йәмуут, биийәдиһил-хайру уа һуа ъәләә кулли шәйин қадиир». 

 Мағынасы: «Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құдай жоқ екендігіне куәлік беремін, барлық билік Оған тән, барлық мадақ Оған тән, тірілтеді-өлтіреді, ал Ол – ешқашан өлмейтін Тірі, ізгілік Оның қолында әрі Оның күші барлық нәрсеге жетеді».   Кәлима раддил-куфр («күпірді қайтару сөзі»):

»اللَّهُمَّ أَعُوذُ بِكَ أَنْ أُشْرِكَ بِكَ وَأَنَا أَعْلَمُ، وَأَسْتَغْفِرُكَ لِمَا لا أَعْلَمُ، إِنَّكَ أَنْتَ عَلَّامُ الغُيُوبِ« 

Оқылуы: «Аллааһуммә иннии әъуузу бикә мин ән ушрикә бикә уа әнәә әъләм, уа әстәғфирукә лимәә ләә әъләм, иннәкә әнтә ъәлләәмул-ғуйууб».  

Мағынасы: «Уа, Алла! Мен Өзіңнің атыңмен Саған біліп тұрып серік қосудан сақтанамын және Өзіңнен білмей істегеніме кешірім тілеймін. Расында Сен – ғайыптарды жете білушісің».    Кәлима истиғфар («жарылқау тілеу сөзі»):

 »أَسْتَغْفِرُ اللهَ، أَسْتَغْفِرُ اللهَ، أَسْتَغْفِرُ اللهَ تَعَالَى مِنْ كُلِّ ذَنْبٍ أَذْنَبْتُهُ عَمْدًا أَوْ خَطَأًً، سِرًّا أَوْ عَلانِيَّةً، وَأَتُوبُ إِلَيْهِ مِنَ الذَّنْبِ الَّذِي لا أَعْلَمُ، إِنَّكَ أَنْتَ عَلَّامُ الغُيُوبِ

«  Оқылуы: «Астәғфируллааһ, астәғфируллааһ, астәғфируллааһа тәъәәлә мин кулли зәнбин әзнәбтуһу ъамдән әу хатаән, сирран әу ъәләәнийәтән, уа әтуубу иләйһи минәз-зәнбилләзии ләә әъләм, иннәкә әнтә ъәлләәмул-ғуйууб».  

 Мағынасы: «Алладан кешірім тілеймін, Алладан кешірім тілеймін, Алла Тағаладан біле тұрып не қателесіп, жасырын не жария істеген әрбір күнәма кешірім тілеймін. Әрі Оған өзім білмеген басқа күнәма тәубе жасаймын. Расында Сен (Алла) – ғайыптарды жете білушісің».    Кәлима тәмжид («ұлықтау сөзі»): »

سُبْحَانَ اللهِ، وَالحَمْدُ للهِ، وَلَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ، وَاللهُ أَكْبَرُ، وَلا حَوْلَ وَلا قُوَّةَ إِلا بِاللهِ العَلِيِّ العَظِيمِ، مَا شَاءَ اللهُ كَانَ وَمَا لَمْ يَشَأْ لَمْ يَكُنْ« 

 Оқылуы: «Субхәәналлааһ, уалхәмдулилләәһ, уа ләә иләәһә иллаллааһу уаллааһу әкбар, уа ләә хәулә уа ләә қууәтә илләә билләәһил-ъәлийил-ъазыйм, мәә шәәә’аллааһу кәән, уа мәә ләм йәшә ләм йәкун». Мағынасы: «Алла пәк! Барлық мадақ Аллаға тән. Алладан басқа құдай жоқ, Алла ұлық! Аса биік һәм Ұлы Алладан басқа күш те, қуат та жоқ. Алланың қалағаны болды, ал қаламағаны болған жоқ».   Иман муджмал («түйінді иман сөзі»):

»آمَنْتُ بِاللهِ كَمَا هُوَ بِأَسْمَائِهِ وَصِفَاتِهِ وَقَبِلْتُ جَمِيعَ أَحْكَامِهِ

« Оқылуы: «Әәмәнту билләәһи, кәмәә һуа би’әсмәә’иһи уа сыйфәәтиһи уа қабилту жәмииъә әхкәәмиһи». Мағынасы: «Аллаға, Оның есімдері мен сипаттарына иман келтірдім әрі Оның барлық әмірлерін қабыл алдым».   Иман муфассал («жай-жапсарлы иман сөзі»):

 »آمَنْتُ بِاللهِ وَمَلائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَاليَوْمِ الآخِرِ وَبِالقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرِّهِ مِنَ اللهِ تَعَالَى وَالبَعْثِ بَعْدَ المَوْتِ«

 «Әәмәнту билләәһи, уа мәләәикәтиһи, уа кутубиһи, уа русулиһи, уал-йәумил-аахири, уа бил-қадари: хайриһи уа шарриһи миналлааһи тәъәлә». Мағынасы: «Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, Қиямет күніне, жақсылығы да, жамандығы да бір Алла Тағаладан болатын тағдырға және өлгеннен кейін қайта тірілуге кәміл сенемін». Демек, иманның шарттары мыналар:

 1. Алланың барлығына әрі бір екендігіне сену.

2. Періштелердің бар екендігіне сену.

3. Алла түсірген кітаптарға сену. (Тәурат, Зәбур, Інжіл, Құран).

 4. Пайғамбарларға сену.

5. Қиямет күнінің болатындығына сену.

6. Жақсылы-жаманды тағдырдың бір Алладан екендігіне сену.

7. Өлгеннен кейін тірілуге сену.

 

 

 

 

Дереккөз:  //fatua.kz/kz/post/view?id=193

Пікірлер Кіру