Иммунитетті қалай тексеруге болады?

23 қаңтар 2020 8188 0
Оқу режимі

Ағзаның қорғанысы уақытша әлсіреу кезеңдері кез-келген адамның өмірінде болады. Ал жас өткен сайын барлығында иммундық тапшылық және денсаулықтың нашарлап, аллергиялық, суық және басқа да көптеген ауруларға бейімділігі басталады. Бүгінгі медицинаның фармокологиялық революциясы: антибиотиктер иммунотерапияны ауыстырып келеді. Ғалымдар ағзаны іштен сауықтырып, денсаулықты қалпына келтіретін әдісті тапты. Өз иммунитетіңізді қалай тексеруге болады?

Өзіңіздің иммунитетіңіздің қандай деңгейде екенін біліп, сізге иммунолог маманның көмегіне жүгіну керек пе? Осыны білу үшін сіздерге иммунитетті тексеретін тест ұсынамыз. Барлық сұрақтарға ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап беріп, соңында қанша ұпай жинағаныңызды санау қажет.

1.Үнемі спортпен айналысасызба?

2.Суық кезде тез тоңып, аяқ-қолыңыз үнемі салқын болып жүре ме?

3.Стресспен белсенді күресіп, кез-келген нәрсеге ренжи берессіз бе?

4.Жылына 4 рет суықтап ауырасыз ба?

5.Кез-келген ауруда дәрі-дәрімек пайдаланасызба?

6.Күнделікті рационыңызға жеміс-жидек және көкөніс, ал көктемде және қыста дәрумендер қабылдайсыз ба?

7.Сіздің достарыңыз көп, және адамдармен жақсы араласасыз ба?

8.Сіз отбасыңыздың өміріне қанағаттанасыз ба?

9.Таза ауада тұрақты түрде серуендейсіз бе?

10.Сіз шылым шегесіз бе?

11.Кейде көңіл күйге байланысты жақсы шарап ішесіз бе?

12.Тұрғылықты жеріңіз – қала?

13.Дене пішініңізді қадағалайсыз ба?

14.Қоғамдық көлікті жиі пайдаланасыз ба?

15.Жұмыс істейтін ұжымыңыз үлкен бе?

16.Бір күнде 1,5 литр су ішесіз бе?

17.Жылы бөлмеде көп уақыт тұра аласыз ба?

18.Ауыр және жүйкеге салмақ түсіретін жұмыс істейсіз бе? Үй шаруасының барлығы сіздің мойныңызда ма?

19.Монша мен саунаға жиі барып тұрасыз ба?

 Енді ұпайды есептеу қажет.

1, 3, 6, 7, 8, 9, 11, 13, 16 осы сұрақтарға ИӘ деп жауап берсеңіз, әрбірін 1 баллдан есептеңіз.

2, 4, 5, 10, 12, 14, 15, 17, 18, 19 осы сұрақтарға ЖОҚ деп жауап берсеңіз, әрбірін 1 баллдан есептеңіз.

Жинап алынған ұпай саны. Егер сіз:

1-ден 6 баллға дейін – сізді иммундық жүйеңіз өте әлсіз. Жиі селқостық байқалып, апатия сезінеді. Ағзаңыздың қорғанысын қалпына келтіру үшін, сізге иммунолог дәрігердің кеңесі қажет.

7-ден 12 баллға дейін – сіздің қорғаныс жүйеңізде кемшіліктер бар. Сізге өмір салтыңызбен диетаңызды өзгерту қажет. Таза ауада көбірек серуендеп, дәрумендерге бай тағамдарды жеп, таңертең душ қабылдау қажет. Бұл шағын түзетулер иммундық жүйеңізді нығайтады.

13-тен 18 баллға дейін – сіздің иммундық жүйеңіз күшті. Сіз сирек ауырасыз, ауру бола қалса, асқынулары болмай, жеңіл өтіп кетеді. Сіздің күшіңіз көп, және энергияға байсыз. Сіз өз денсаулығыңызға жақсы күтім жасайсыз. Солай жалғастыра беріңіз!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру