“ИНСАН” СӨЗІНІҢ ЕКІ МАҒЫНАСЫ

25 наурыз 2024 1402 0
Оқу режимі

Араб тілінде “адам” деген сөз “инсан” деп айтылады. Осы “инсан” сөзі екі етістіктен: “нисиан” (ұмыту) және “унс” (жақын болу) сөздерінен құралған. Екі етістіктің де жақсы, жаман жағы бар және екеуі де адамның сипатын ашады.

 “Нисиан”-ның жақсы жағы – Алла Тағала адам баласының басына түскен қайғысын ұмыттыру болса, ал жаман жағы – адам баласының Аллаға берген уәдесін ұмытуы екен.

“Унс”-тың жақсы жағы – атам қазақ “адамның күні – адаммен” демекші, адам баласы басқа біреусіз өмір сүре алмай, жақын болуға талпынуы, бірақ,

Алла ризашылығы үшін жақын болса жақсы, ал дүниелік мақсатта жақын болса жаман.

“Дүние дос – қалтаңда ақшаң біткенше,

 Иман дос – жәннатқа кіріп, жеткенше” дегендей болады.

 Алла баршамызға иман дос, ақыреттік дос болуды нәсіп етсін!

Қуат ҚАБДОЛДА

 

Дереккөз: Kazislam.kz

Пікірлер Кіру