ИСЛАМ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҮШ ТІРЕГІ

22 мамыр 2024 1586 0
Оқу режимі

Ислам діні ақырғы дін, барлық діндердің керек асылдарын бойына жинаған дін, адам баласының даму жолындағы рухани, ғылыми, мәдени жетілген кезіне арналған дін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) Алла өзінің бір хадисінде: «кімде-кім ғылымды сүйсе және ғалымды сүйсе, жәннатта ол менің көршім болады», – деген. Ислам ғылымының үш тірегі бар. Олар:

-  ҚҰРАН АЯТТАРЫН ҮЙРЕНУ,

  • ПАЙҒАМБАРДЫҢ ХАДИСТЕРІН БІЛУ,
  • ҚИЯС ЖОЛЫ, ЯҒНИ ӨЛШЕУ, САЛЫСТЫРУ.

Ол үшеуі біріне-бірі қайшы келмей, сәйкес болса ғана – шындық. Ислам дінінде ешқандай кемшілік жоқ. Бар мәселе біздің оны дұрыс түсінбеуімізде. Ислам әлемінің өз кемеліне келмей, көштен кенже қалып, тоқырауы дінге байланысты емес, оның себебі – азған ақыл, зейінсіз жүрек, түйсіксіз түсініктің салдарынан дін мен түйінді мәселелері көп қазіргі өміріміздің өзара үйлесімін терең түсіне алмауда. Ислам дініндегі қазіргі індет секталар мәселесінің тарихына жалпы мәдени анропологиялық сипатына жүгіну арқылы, келешек ұрпақты ол індеттен құтқарудың жолын іздедік.

Себебі, нақты ғылыми тұжырымдалған фактілерді білген жастар имандылық жолын табуда адаспайды деген ойдамыз. Қазіргі таңда, жаһандық процестердің етек алған тұсында, адам тағы ұмыт қалып барады. Осыған орайислам философиясына оның әмбебаптық құндылықтық жүйесіне деген сұраныс пен ұмтылыс белең алып отыр. Исламның таңқаларлық өміршеңдігі мен мың жылдықтағы рухани әлемге ықпалының өсе түсуінің себебі ислам полицентризм мен демократиялылыққа негізделген қазіргі дәуірдің негізгі принциптеріне сай келеді. Ислам, Шығыс пен Батыстың дін мен ғылымның тиімді диологына, әріптестігіне, бірлесе жұмыс істеуіне, ашық басқа діни сенімдер мен мәдениет феномендерімен рухани қарым-қатынас әрі мәдени-тарихи өзара ықпалдастық жасауға бейім. Исламға төзімсіздік пен фанатизм пиғылдары жат.

Сол үшін де ол жер шарының түкпір-түкпіріндегі халықтарға жетіп, уақыттың қиыншылығына қарамастан, әлі күнге дейін өзінің теологиялық тұжырымдамаларының бірегейлігі мен өзіндік болмысын сақтап, өз тұғырларын өзгерткен жоқ. Таза исламды бетперде етіп, түбінде жеке мүддені көксейтіндер жетегінде кетуден елімізді аман-сақтауда діни сауаттылықты дамытудың маңызы зор.

Ислам шын мәнінде адамның мүддесін қорғайды. Сондықтан адамзат мүддесін көздейтін мәдениетті қабылдамауы мүмкін емес. Біз осындай сындарлы көзқарас ұстану арқылы мәдениетіміздің дұрыс бағытта дамуына ықпал ете аламыз. Ендеше, өз ғасырымыздың тыныс-тіршілігінен де, оның озық мәдениетінен де оқшауланбай, мұның бәрі заңды құбылыс екенін түйсініп, қоғам мүддесіне сай тұстарын қабылдап, дұрыс іс-әрекет жасағанымыз абзал.

 

«Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» кітабынан

Пікірлер Кіру