Ит үшін оқылған намаз

11 наурыз 2019 10064 0
Оқу режимі

Мешіт іші. Соңғы намазды оқып болған соң, бәрі үйлеріне тарасты. Мешітте ешкім қалмады. Дәл осы сәтті күтіп отырған бір кісі, құлшылық етуге кірісіп кетті. Ешкім жоқта өзім бір құлшылық жасайыншы деген болуы керек. Кенет сыртқы есік ашылды.

Намазда тұрған кісі: «Сырттан біреу кірді. Мен қазір жақсылап құлшылық қылайын. Көрсін, менің қалай намаз оқитынымды» деді іштей. Әр қимылын байыппен жасап, намазын ұзақ оқыды. Бір кезде әдемілеп екі жаққа сәлем беріп, намазын аяқтады. Сөйтті де: «Бұл кім болды екен?» - деп артына қараса, кіре берісте жауыннан бас сауғалап кірген ит тұр екен. Өзінің соншалықты беріліп жасаған құлшылығы ит үшін болғанын сезген әлгі кісі қатты өкініпті. Иттің орнында адам болса да, ол құлшылық Алла үшін болмағаннан кейін не пайда? Сөйтіп, ол Алладан кешірім сұрап, тәубе етіпті.

«Олар намаздарында ғапыл. Сондай­-ақ құлшылықтарын ел­жұртқа көз қылып, көрсету ниетімен орындайды» («Мағун» сүресі, 5-6 – аяттар).

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру