Кім таң атырса, міндетті түрде мына дұғаны оқысын

14 наурыз 2019 10459 0
Оқу режимі

Әбу Дәуідтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына: «Араларыңнан кімде-кім аман-есен таң атырса, міндетті түрде осы дұғаны оқысын. Кеш батқанда да (дұғадағы таң сөзінің орнына кеш деп) міндетті түрде оқысын», − деп айтқаны жеткізілген[1].

Оқылуы:

Асбахнә уә асбахәл-мульку лилләһи Раббил-‘аләмиин. Аллаһуммә инни әс'әлукә хайра һәзәл-иәуми фәтхаһу уә насраһу уә нуураһу уә бәракәтәһу уә һудәәһу уә ә‘уузу бикә мин шәрри мә фииһи уә шәрри мә ба‘дәһу.

Мағынасы:

Біз де, бар билік те әлемдердің Раббысы Алланың иелігінде болған күйде таң атырдық. Уа, Раббым! Сенен осы күннің жақсылығын – жеңісін, жәрдемін, нұрын, берекесін және тура жолын сұраймын. Сондай-ақ, осы күннің және осыдан кейінгі күндердің жамандығынан сақтай гөр деп бір Өзіңнен пана тілеймін!

 


[1] Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4421

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру