КІНДІК ШЕШЕ

04 наурыз 2024 2435 0
Оқу режимі

Бала дүниеге келісімен дауысы шығуы үшін құйрығынан шарт еткізіп ұрады да, кіндігін кеседі.

Сәбидің кіндігін кескен әйел "кіндік шеше" аталады. Екі жас үйленіп жатқан кезде-ақ кіндік шеше болуды қалап алатын әйелдер болады.

Ол үшін алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарқанынан дәм таттырады.

Осыдан кейін екі үй арасында қарым-қатынас жиілеп жарастық орнайды. Кіндік шешеге біршама міндеттер жүктеледі: жүкті әйелді күту, босану үстінде басы-қасында болу, баланың кіндігін кесу.

Ол нәрестеге қырқынан шыққанда киетін ит көйлек тігіп алып келеді, бала ер жетіп, ел қатарына қосылғанша өз назарынан тыс қалдырмай әрдайым қамқор болып жүреді. Халық ұғымында "баланың мінезі кіндік шешесіне тартады" деген түсінік бар. Егер келіншек қиналмай босанса, әйелдер "кіндік шешесінің қолы жеңіл екен" десіп жатады.

Бала ер жеткен соң, кіндік шешесінің бар жақсылығын ескеріп, оған "кіндік кесерін" береді, туған анасынан кем көрмей, өмір бойы сыйлап өтеді.

 

 

Пікірлер Кіру