MAЛ-МҮЛІКТІ БЕРЕТІН АЛЛА ТАҒАЛА

04 желтоқсан 2023 2029 0
Оқу режимі

Aббаси халифасы Мансұр Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) немересі Абдуррахман ибн Қасым ибн Мұхаммед рахимәтуллаһи алейхке:

“Маған тәжірибелеріңізден насихат айта отырыңыз” дейді. Сонда ол былай деген:

“Омар ибн Абдүлазиз дүние салғанда артында он бір баласы және бар-жоғы он жеті динар ақшасы қалған. Бес динарға (aлтын теңге) кебінденді, екі динарға қабір орнын сатып алды, қалған ақшадан балаларының әрбіріне  он тоғыз дирхемнен (күміс теңге) берілді.

Хишам ибн Абдүлмәлик қайтыс болғанда оның артында да он бір бала қалған, әрбіріне бір миллион дирхем мұра қалдырған.

Кейін мен Омар ибн Абдүлазиздің кей балаларының күніге жүз атты әскер жасақтап бірге Алла жолында жихадқа шыққандарын көрдім.

Ал Хишам ибн Абдүлмәлик балаларының қайыр сұрап жүргендерін көрдім”.

Мұның таң қалатын ештеңесі жоқ. Өйткені Омар ибн Абдүлазиз әр ісінде Алланың ризашылығын ойлап, балаларын Раббына аманат етіп ақыретке көшті. Aлла Tағала да оларды ауқатты қылды, қорғады. Ал Хишам болса, оларға дүниелік қалдырып жағдайларын жасадым деп ойлады, алайда мұның оларға пайдасы тимеді, жоқшылықта күн кешті. Яғни тек дүниені ойлаған адамның қолындағы дүниелік жоқ болады. Ал әр ісінде ақыретті алға қойған адамның ниетіндегі қайыр мен берекет ұрпақтарына да жұғып, олардың да бақытына себеп болады.

 

 

 

Пікірлер Кіру