Мидың жұмысын жақсартудың сүннеттегі 3 жолы

03 желтоқсан 2019 10405 0
Оқу режимі

Күн сайынғы интернет, телевизор, әлеуметтік желілерден керекті-керексіз ақпараттарды қабылдаған миымыз әлсіреп, жұмысы нашарлайтыны белгілі. Осыған орай ғалымдар миды тынықтырып, оның жұмысын жақсартудың түрлі әдістерін ойлап табуда. Ал нейробиологтар Э. Ньюберге пен М. Уолдманның мына тиімді 3 әдісін осыдан он төрт ғасыр бұрын ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып кеткен:

1.Күлімсіреу. Нейрологиялық тұрғыдан алғанда жымию мен күлімсіреу ми қантамырларының жұмысын жақсартып, денсаулықты да нығайтады. Бұлармен қоса, сүннет бойынша, күлімсіреу – садақа екендігі белгілі.

2.Терең ойлану, оқу-білімге құштарлық. Алланы жиі еске алу, тәфаккур (терең ойлану), шүкіршілік ету, оқу-білімге құштар болу – есте сақтау қабілетін арттырып, мидың жұмысын жақсартудың тағы бір жолы.

3.Құлшылық. 5-10 минуттық намаз, дұға етудің өзі нерв жүйелеріне оң әсер етеді: ағзада антистресстік гормондар артып, тыныштандыратын, депрессиядан арылтатын дофамин, серотонин гормондары түзіледі, сәйкесінше, адамның көңіл-күйі де жақсарады.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру