Пайғамбарымыз ﷺ үйреткен дұға

19 қараша 2020 10830 0
Оқу режимі

Оқылуы: Аллаһуммә инни әс'әлукә сиххәтән фи иимәәнин уә иимәәнән фи хусни хулуқин уә нәжәәхан йәтбә‘уһу фәләәхун уә рахмәтән минкә уә ′афиятән уә мағфиратән минкә уә ридуәәнә.

Мағынасы: Уа, Алла Тағалам, бір Өзіңнен иманда шынайылық, көркем мінез-құлықпен безендірілген иман, мұратқа жеткізер жетістік, сондай-ақ, мейіріміңе бөлеп, есендік беруіңді, кешірімің мен ризашылығыңды тілеймін!

Әбу Хұрайра (р.а.) осы дұғаға қатысты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) Сәлманға (р.а.) игі ниет танытып, насихат айтып: Алланың пайғамбары саған бірер сөз тарту еткісі келеді. Сол сөздерді қабыл алып, солар арқылы аса Рақымды Алладан мұң-мұқтажыңды сұрап, қол жайып дұға етерсің, – деді де, оған осы дұғаны үйретті»[1], – деген.

 


[1] Муснәду Ахмәд ибн Ханбәл, Бақи Муснәди әлмуксириин 7923

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру