Қайғы мен уайымды сейілтетін дұға

27 қазан 2018 12947 0
Оқу режимі

Абдулла ибн Масғуд (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

مَا أَصَابَ أَحَدًا قَطُّ هَمٌّ وَلا حَزَنٌ فَقَالَ : اللَّهُمَّ إِنِّي عَبْدُكَ ، وَابْنُ عَبْدِكَ ، وَابْنُ أَمَتِكَ ، نَاصِيَتِي بِيَدِكَ ، مَاضٍ فِيَّ حُكْمُكَ ، عَدْلٌ فِيَّ قَضَاؤُكَ ، أَسْأَلُكَ بِكُلِّ اسْمٍ هُوَ لَكَ سَمَّيْتَ بِهِ نَفْسَكَ ، أَوْ عَلَّمْتَهُ أَحَدًا مِنْ خَلْقِكَ ، أَوْ أَنْزَلْتَهُ فِي كِتَابِكَ ، أَوْ اسْتَأْثَرْتَ بِهِ فِي عِلْمِ الْغَيْبِ عِنْدَكَ ، أَنْ تَجْعَلَ الْقُرْآنَ رَبِيعَ قَلْبِي ، وَنُورَ صَدْرِي ، وَجلَاءَ حُزْنِي ، وَذَهَابَ هَمِّي إِلا أَذْهَبَ اللَّهُ هَمَّهُ وَحُزْنَهُ وَأَبْدَلَهُ مَكَانَهُ فَرَجًا . فَقِيلَ : يَا رَسُولَ اللَّهِ ، أَلا نَتَعَلَّمُهَا ؟ فَقَالَ : بَلَى ، يَنْبَغِي لِمَنْ سَمِعَهَا أَنْ يَتَعَلَّمَهَا

«Кімде-кім: «Уа, Алла! Расында мен құлыңмын, құлыңның ұлымын, күңіңнің ұлымын. Шыбын жаным Өзіңнің қолыңда[1]. Маған үкімің жүруде, маған жазған тағдырың да әділ... Уа, Алла! Өзіңді атаған, құлдарыңның біріне үйреткен,  Кітабыңда түсірген және  ғайып іліміңде жасырған  Өзіңе тән барлық есімдеріңмен бір Өзіңе жалбарынамын: Құранды жүрегімнің көктемі, көкірегімнің нұры ет, онымен қайғымды сейілтіп,  уайымымды кетіргейсің!» – десе, оған уайым да, қайғы да жуымайды», –  деді. Сахабалардың бірі: «Уа Алла елшісі, біз оны үйреніп алайық па?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Әрине, кімде-кім естіп жатса, үйреніп алғаны дұрыс»[2], – деді.

Оқылуы:

«Аллаһумма инни ъабдук, уа-бну ъабдик, уа-бну әмәтик, нәсияти биядик, мадин фия хукмук, ъәдлун фия қада-ук, әс-алука бикулли-смин һуә ләк, сәммәйтә биһи нәфсәк, әу ъалләмтәһу  ахадан мин халқик, әу әнзәлтәһу фи китәбик, әу истә-сәртә биһи фи ъилмил-ғайби ъиндак: «ән тәжъаләл-Қурана рабиъа қалби, уа нура садри, уә жәлә-ә хузни, уә зәһәбә һәмми»


[1] Толықтай Сенің үкіміңе бағыныштымын деген мағынада
[2] Ахмад

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру