ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕТІ КҮН ДӘСТҮРІ

29 қазан 2024 509 0
Оқу режимі

Қазақ халқының дәстүрі мен ырымдары бойынша, әр күннің өзіне тән ерекшеліктері мен тыйымдары, ырымдары бар. Бір аптадағы жеті күнге байланысты қазақ ырымдары мен дәстүрлері

Дүйсенбі

Дүйсенбі күні маңызды істерді бастаған жөн. Бұл күн жұмыс дайындық күні ретінде саналады.

Жаңа іс бастауға, сапарға шығуға, сауда жасауға аса қолайлы күн деп есептеледі. Бұл күні туылған бала бай-бақытты болады деп ырымдап, атын Дүйменбек, Дүйсенәлі деп қоятын болған.

Дүйсенбі күні – Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы жазушы. Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте, дүйсенбі күні дүниеге келген.

Сейсенбі

Сейсенбі күні - іс бастауға болады, бірақ мұқият болу керек. Көбіне үлкен шаруаларды сейсенбіде бастамай, ал кішігірім жұмыстарды орындайды.

Сапарға шықпауға тырысады, бірақ үй шаруаларын атқаруға қолайлы күн. Той жасамайды. Себебі тарихта қан төгілген күн деп ырым еткен.

Сейсенбі күні - Қазақстанның жер қойнауын зерттеп, пайдалы қазбаларды ашқан ғалым, академик. Қаныш Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде, сейсенбі күні дүниеге келген.

Сәрсенбі

Сәрсенбі күні - қазақ “Сәтті күн” деп санайды. Бұл күні басталған әрбір іс сәтті болады деп есептеледі. Бұл күн ең жақсы күндердің бірі болып саналады. Той жамса са, құда түссе, қыз ұзатып, келін түсірсе, бала сүндеттетсе, қоныс тойын жаса са, алыс сапар шексе бәрі сітімен басталып, соңы жемісті болып ақырласады деп сенеді.

Сәрсенбі күні - Қазақтың алғашқы ғалымы, этнограф және тарихшы. Шоқан Уәлиханов Ол 1835 жылы 27 қарашада, сәрсенбі күні дүниеге келген.

Бейсенбі

Бейсенбі күні - құдайға құлшылық ету, дұға оқу, рухани істермен айналысуға қолайлы. Қазақ ұғымында “ Бейсенбі бейіш күн” деген жақсы тілекті сөз бар. Бұл күні

жұма күніне дайындық ретінде қаралады, сондықтан үй шаруаларын реттеуге , тазалық жасауға арналған күн деп есептейді.

Бейсенбі күні - Қазақтың ұлы ақыны, философ және ойшылы. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда, бейсенбі күні дүниеге келген.

Жұма

Жұма күні – қасиетті ұлық күн. Бұл күні Аллаға құлшылық жасап, мешітке барып, жұма намазын оқып , жақсыдұға-тілек тілейтін күн.

Жұма күні адамдар бір-біріне қонаққа барып, тату-тәтті қарым-қатынас орнатады.

Жұма кнүні - Орта ғасырдағы ұлы ғалым, философ және музыкант. Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы, жұма күні дүниеге келген.

Сенбі

Сенбі күні - демалыс күні ретінде саналады. Бұл күні көбінесе үй шаруаларын атқарады. Сейіл күн деп, тәбиғат аясына шығып дем алып, таза ауамен тыныстап, аң аулауға барса, қанжығасы майланады. Олжа алып оралады. Тойға, қонаққа барса, қуанып қайтады.

Маңызды істерді сенбі күні бастамаған дұрыс деп есептеледі.

Сенбі - Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын және қоғам қайраткері. Сәкен Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда, сенбі күні дүниеге келген.

Жексенбі

Жексенбі күні - демалып, отбасы мен жақындарға уақыт бөледі. Аптаның басталуына дайындық ретінде қаралады. Қазақ бұл күнді”Отбасы күні” деп қараған. Отбасымен бірге қвдырып демалса, берекелері артып, шаңырақтарына ойламаған жерден мол табыс оралады.

Жексенбі күні - Қазақ тіл білімінің негізін салушы, ағартушы, ақын және қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте, жексенбі күні дүниеге келген.

 

Жеті күнде дүниеге келген Пайғамбарлар

Исламдық дәстүрлерде пайғамбарлардың нақты қай күні дүниеге келгені туралы мәліметтер өте сирек кездеседі. Мұсылмандық сенімдерге сәйкес, көптеген пайғамбарлардың туған күндері нақты белгісіз. Дегенмен, мұсылман қауымында кейбір пайғамбарлардың белгілі күндері мен оқиғаларына қатысты ерекше құрмет көрсетілетін күндер бар. Мұнда пайғамбарлардың кейбіреулерінің өміріндегі маңызды күндерге қатысты мәліметтер бар.

Дүйсенбі

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.)** – Ислам дінінің соңғы пайғамбары. Мұхаммед пайғамбардың туған күні (Мәуліт күні) Раби-ул-әууәл айының 12-ші күніне сәйкес келеді, бірақ кейбір исламдық дәстүрлер бойынша, ол дүйсенбі күні дүниеге келген деп есептеледі.

Сейсенбі

Сейсенбі күні туралы нақты мәліметтер жоқ. Аңызда Салих пайғамбарлар дүниеге келгені туралы кеңінен танылған деректер бар.

Сәрсенбі

Сәрсенбі күні - Ыдырыс пайғамбарлар дүниеге келгені туралы аңыз бар.

Бейсенбі

Бейсенбі күні - Иса пайғамбар дүниеге келгені туралы діни рауаятта айтылады.

Жұма

Жұма күні - Адам пайғамбар (а.с.)– Исламдық сенім бойынша, адамзаттың атасы, Адам пайғамбарды балшықтан жаратып, 40 жыл өткенде тәніне жұма күні жан кіргізді деп есептеледі.

Сенбі

Сенбі күні - Аюп пайғамбар дүниеге келген қасиетті күн деп қарайды.

Жексенбі

Жексенбі күні - Жүніс пайғамбар дүниеге келген және жексенбі күні Алланың әмірімен балық қарына түсіп, қырық тоғыз күн өткендегі жексенбі күні балық қарнынан шығарып алған жөнінде рауаят айтылады.

 

 Болат БОПАЙҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру