ҚҰДЫҚ ҚАЗУШЫ (Ғибрат)

27 тамыз 2025 2021 0
Оқу режимі

Баяғыда бір шаһарда керемет бір құдық қазушы болған екен, ол өте тереңнен құдық қазып, оны өңдеп, сәндейді екен.  Қазған құдықтарының суы мол, таза, мөлдір, тұщы болып шығады екен де, қаладағы адамдар онда күнде су ішуге келіп тұрады екен. Құдық қазушы өз ісіне риза боп, үнемі жүрегі қуанышқа толы болып жүреді.

Уақыт зымырап өте береді, бір күні ол құдық суының бұрынғыдай шөл қандырмайтынын байқайды. Адамдар бұрынғысынша одан су ішіп, алғысын жаудырып жатты. Бірақ өзі қаншама рет шелектеп су шығарып ішсе де шөлі қанбай қойыпты.

- Маған не көрінген?-деп ойлады ол. - Құдық сол бұрынғы құдық, суы бұрынғысынша таза, мөлдір, бірақ шөлімді қандырмай жатыр.

Сонымен құдық қазушы сол маңдағы бір үлкен ғұламаға барып:

- Күні бүгінге дейін құдық қазуды жалғастырып жүрмін, адамдар маған риза, алғыстарын жалғастыруда, тұрмысым да жаман емес. Бірақ неге екенін білмеймін, ішім бос секілді,-деді.

- Бұл деген сөз,-деді дана қария, - нәпсіңнің қалаулары көбейген деген сөз, сондықтан Ұлық Құдай оның бәрімен бір сәтте сені қанағаттандыра алмайды. Сенің келесі қазатын құдығың жер бетінде емес, ол өз жүрегіңнің бір түкпірінде,-деді.

Сонда оны қалай таппақпын?-деп сұрады құдық қазушы шебер.

-Қатты шөлдеген кезіңде, еріксіз аспанға қарап айқайлап жалынасың, сол кезде жаңа құнар ашылады,-деді.

Бір күні қараңғы бір түнде, қуыскеуделікке шыдамаған ол жоғарыға қарап:

- Не үшін өмір сүріп жатқанымды білгім келеді?- деп сыбырлады.

Сол кезде таза судың алғашқы тамшысы келіп оның жүрегіне тамды.

 

Каббала Даналығы

аударған Жүрсін Кәрім

Пікірлер Кіру