ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ САУАБЫН БАҒЫШТАУ

17 шілде 2024 1350 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَا مِنْ مَيِّتٍ يَمُوتُ فَيُقْرَأُ عِنْدَهُ يٰسۤ إِلَّا هَوَّنَ اللهُ عَلَيْهِ. (جامع الاحاديث)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Ажал аузында жатқанда жанында Ясин сүресі оқылған кез келген (мүмін) адамға Алла Тағала, сөз жоқ, (өлімді) жеңілдетеді” (Суюти, Жамиғ ул-Әхадис)

Әһли сүннет бойынша, кез келген адам –парыз болсын, нәпіл болсын- (өзі үшін ниет еткен болса да) жасаған құлшылығының сауабын басқаға тарту ете алады. Намаз, oраза, қажылық, умра, садақа және Құран кәрім оқу, дұға мен зікір тәрізді салих амалдардың бәрінің сауабы өлінің рухына жетеді және одан пайда көреді. Ал нәпіл садақа берген адамның барша мұсылманға ниет етуі пайдалырақ екені айтылған. Өйткені бұл тарту оларға (иесінің сауабы кемімей) кемшіліксіз жетеді және мұнымен қатар, тарту еткенге солардың санына қарай сауап жазылады. 

Пайғамбарымыз (с.a.у) “Қайтыс болғандарға Ясин сүресін оқыңдар!” деген. Құран кәрімде де ата-анаға дұға жасау бұйырылған, періштелердің мүміндерге кешірім өтінетіні айтылған, бұлар пайда келтіретініне дәлел.

Және Пайғамбарымыздың (с.a.у) біреуін өз, екіншісін үмметі атынан екі ала қошқар құрбан шалғаны да көпке мәлім. Яғни сауабын үмметіне бағыштаған.

Пайғамбарымыз (с.a.у) осылай біреудің амалының басқаға пайда беретінін үйреткен. Оның жолын ұстану ең тиімді тәсіл. Ансарлық сахабалар біреудің жаназасында Бақара сүресін оқып, сауабын марқұмға тарту ететін болған. 

“Әр адам өз еңбегінің ғана қарымын алады” (Нәжм сүресі, 39 аят) деген аятқа келсек; бұл жерде әділетті жолмен қол жеткізер нәрсенің тек еңбекпен келетіні айтылуда. Расында “Ендеше, кімдекім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады” деген мағынадағы Зилзал сүресінің 7-ші аяты да осы әділ үкімді баян қылады. Aл дүниеде болсын, ақыретте болсын, адамның еңбегінен басқа, тек илаһи ізгілік ретінде де талай қайыр мен жақсылыққа қауышатынына күмән жоқ.

Әбуссууд эфенди былай деген: “Пайғамбарлардың шапағаты, періштелердің кешірімі, тірілердің өлілер үшін дұғасы мен садақасы тәрізді адамның өз амалына жатпайтын, бірақ пайдасын көретіні мәлім нәрселерге келер болсақ; мұның бәрінің пайдасының тиюі адамның өз амалы болған иман, салих амал иесі болғанына байланысты. Иман болмаса, бұлардың ешбірінің пайдасы болмайтындықтан, мұндағы пайжа жа адамның өз еңбегі мен амалы секілді көрсетілген”.

Пікірлер Кіру