ҚҰРСАҚ ШАШУ

14 ақпан 2024 2401 0
Оқу режимі

Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай, жиі-жиі лоқсып, құсып жүргенін байқаса, оны қазақтар "жерік болу" деп атайды.

Осы кезде оның әлде - бір асқа ықыласы, тәбеті ерекше ауады да тұрады. Енесі ауыл әйелдерін шақырып, қонақ етеді.

Осы кішігірім той "құрсақ шашу" делінеді.

Бұл томалаққа жиналған тәжірибелі аналар өз үйлерінен бір-бір дәм пісіріп әкеледі. Оның себебі - келіннің жерік болып жүрген асын тауып беру. Егер осы асы таптырмаса, яки "жерігі қанбаса", ол босанғанша ішкен тамағын құса береді, тамағы бойына сіңбейді. Мұны халық "ит жерік болу" дейді.

Ит жерік болып дүниеге келген сәбидің ес жиғанша аузынан сілекейі аққыш болады. Жолбарыстың жүрегіне, аюдың етіне, бүркіттің миына жерік болған әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар туатындығы туралы көптеген аңыздар ел ішінде әлі күнге дейін сақталған.

 

Пікірлер Кіру