ШАПАҒАТ ХАҚ

11 сәуір 2024 1573 0
Оқу режимі

قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اِسْتَكْثِرُوا مِنَ الْإِخْوَانِ فَإِنَّ لِكُلِّ مُؤْمِنٍ شَفَاعَةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ. (الجامع الصغير)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Мүмін бауырларыңды көбейтіңдер. Өйткені қиямет күні (кемел және салихалы) әр мүмін үшін шапағат (көрсету өкілеттігі) бар”. (Суюти, әл-Жамиғ ус-сағир)

Шапағат кінәлі яки көмекке мұқтаж жандарға қатысты кешірім немесе мейірім сұрау дегенді білдіреді.

Дінімізде шапағат ақырет күні бір қауым күнәһар мүміндерді кешірілуі, ал бағынышты мүміндердің одан жоғары деңгейге жетуі үшін Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен Алла Тағала мұрсат берген басқа пенделердің Алла Тағаладан өтініп, жалбарынуы.

Бүкіл әһли сүннет ғалымдарының пікірінше, пайғамбарлардың, шейіттердің, салихалы жандар мен Құран кәрім, ораза, Қағба муаззама тәрізді Ислам құндылықтарының шапағаты хақ. Шапағаттың хақ болуы Кітап, сүннет және ғұламалардың ортақ пікірі арқылы нақтыланған мәселе. Шапағатты теріске шығарушы әһли бидғаттан саналады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:

“Үмметімнің үлкен күнә жасағандарына шапағатым хақ”.

“Әрбір пайғамбардың үмметіне жасайтын бір дұғасы бар, ол дұғаларын оқыған және қабыл болған. Ал мен дұғамды үмметіме шапағат ету үшін ақыретке қалдырдым”.

“Қиямет күні үш түрлі адам шапағат етеді: Пайғамбарлар, сосын ғұламалар және шейіттер”.

Юнус сүресінің 3 аятында (мағынасы): “…oның рұқсатынсыз ешбір шапағатшы ешкімге ара түсіп, шапағат ете алмайды” дейді. Яғни Aлла Tағала қаласа, шапағат қақпасы ашылады және шапағатқа рұқсаты барлар өз қалағандарына емес, Алланың қалағанына шапағат етеді. Mүддәссир сүресінің 48-аятында былай баяндалады: “Ендігі жерде оларға шапағатшылардың шапағаты түк те пайда бермейді”. Яғни олар -кәпірлер- имансыз өткендіктен шапағатшылардың шапағаты пайдасыз. Бұл аяттан ол күні мүміндерге шапағат етілетіні аңғарылады. 

Пайғамбарымыз (с.a.у) ең үлкен шапағат иесі. Тура жол мен үнем иесі мұрагерлері де осы шапағатқа мұра ретінде ие болып, үмметтен миллиардтағанына шапағат етеді. Аят, хадис және ижма арқылы нақтыланған шапағатты теріске шығару дүние мен ақырет азабына себеп болмақ. (Бахр ур-Ра-иқ) 

Пікірлер Кіру