ШАЙТАННАН ҚОРҒАНУ ҮШІН АЛТЫН КЕРЕК

01 наурыз 2022 7121 0
Оқу режимі

Тақуалығымен танылған құлдардың бірі Сүфиян Сәури бұ дүниелік дәм-тұзы таусылуға жақын өмірінің соңғы сәттерінде жастығының астынан бір кесе шығарaды. Іші толған алтын. Жанындағы достарына: «Мынаны садақа ретінде таратыңдар», – деді.

Бұл жайтқа достары таңғала:

– О, тоба! Біз білетін Сүфиян Сәури бұ дүниелік еш нәрсеге пысқырып қарамаушы еді, осыншама байлықты сақтап келгендігінің себебі не болды екен? – деп бір-біріне қарасты.

Олардың таңданысын байқаған Сүфиян Сәури өз ісінің астарын сонда былай деп түсіндірген екен:

– Мен бұл ақшамен дінімді қорғаштадым. Шайтан мен нәпсімнің аузын аштырмадым. Қашан нәпсім мен шайтан маған: «Ей, сіңірі шыққан пақыр, қашанғы киер киім мен ішер асқа жарымай жүре бересің? Одан да ақша тап!» деп маған дүниелік желік берген сайын мен оларға алтын толы кесемді көрсете маңайыма жолатпаушы едім. Бұл алтындарды мен соларға қарсы қару ретінде қолданып келдім...

Алтындар садақа ғып үлестірілгеннен кейін Сүфиян Сәури де алаңсыз мәңгілікке көз жұмды...

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру