СУННИТТЕР МЕН ШИИТТЕР ДЕГЕН КІМДЕР?

03 маусым 2024 1717 0
Оқу режимі

Табиғиндер (сахабаларға ерушілер дәуірінде мұсылмандар арасында пікір қайшылықтары да кездеспей қалмады. Сүннетті ұстану жолынан байқамай адасқандар да кездесті. «Әһли сунна уәл – жамағат» (сүннет пен жамағат иелеріү жолынан бағыты тайып кеткен Харижилер (бөлініп шығушыларү шиалар секілді бағыттарға бөлінушіліктер осы кезеңге тән. «Шиа» «партия», «жақтаушылар», «тараптас болу» деген мағыналарды білдіреді.

Сондықтан үшінші халифа хазіреті Османның (656 ж. шаһид етілуінен кейінгі ішкі жанжалдар кезінде хазіреті Әлиді халифалыққа лайық көріп әсіре жақтаушылар «Шиа-и Әли» (Әлидің жақтастарыү деп аталды. Шиа бағытының тарихы осылай саяси шиеленіспен басталған. Хазіреті Әли жиырма жылдан астам өзінен бұрынғы үш халифаға бойұсынып, олардың билігі бойынша өмір сүрді. Түсінген жанға бұл да біраз жайттан хабар берсе керек. Жалпы алғанда, хазіреті Әлиге деген шектен тыс махаббат шиа бағытының пайда болуына жол ашты.

 Дәлірек айтсақ, бұрынғы екі үлкен мемлекеттердің бірі сасандықтар мұрагері ирандықтар арабтардың өздеріне билік жүргізуін іштей қаламады. Нәтижесінде Әлиді жақсы көру деген желеумен арабтардан бөлініп, өздерінше діни бағыт қалыптастырды. Бірақ бұл діни бағыт толық салтанат құра алмады. Тек Аббасилер дәуірінде халифат тарапынан аз ғана қолдау тапқанымен, кейіннен қайта қуғынға ұшырады.

Әр жерде қашып жүріп хандықтар құрды. Солар жиналып, ақыры тәуелсіз шиит мемлекеті дегенге қол жеткізді. Бүгінгі таңда әлемдегі мұсылмандардың шамамен 90 пайызы исламның сунниттік бағытын ұстанады. «Суннит» араб тіліндегі «Әһли сунна уәл – жамағат» (Сүннет пен жамағат иелеріү тіркесінен алынған. Негізінде, сүннет («сунна» деп ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жолын айтамыз. Исламның алғаш пайда болған кезіндегі саңлақ сахабалар, олардың соңынан ерген табиғиндер (ерушілерү және табиғиндерге ілесушілер осы суниттік бағытта болды. Олардан кейінгі ғұламалар «халафи садықиин» (кейінгі шыншылдарү деп аталды. Олар да сунниттердің жолын ұстанды. Қысқасы, суннизм – сонау VII – ғасырдан бүгінге дейін алтын тіндей үзілмей жалғасып келе жатқан ислам жолы.

Сунниттер төрт әділ халифаның заңды билігін мойындайды, алты негізгі хадис (Бухари, Муслим, Тирмизи, Әбу Дауд, Нәсаи, Ибн Мажаү жинақтарына күмән келтірмейді, сенім тіректері жағынан Матуриди, Әшғари мектептерін басшылыққа және төрт құқық мектебінің (мәзһабынаү біріне тиесілі болады. Қазақ халқы да сан ғасырлардан бері осы сүнниттік жолдың ішіндегі Ханафи мәзһабын ұстанып келеді.

 

«Біз ұстанатын діни жол» кітабынан алынды.

 

Пікірлер Кіру