ТАРАЗЫДАН ЖЕУ-АУЫР КҮНӘ

29 қазан 2025 727 0
Оқу режимі

Арабияның бір қаласында Ысмайыл есімді бір саудагер болыпты. Дүкенінде сауда жасаған әр адамнан бірнеше тиын артық алып қалатын әдеті бар екен. Содан жағдайы біраз жақсарады. Бірақ балаларының денсаулығы нашар еді, қаражатының көбі дәрігерлер мен дәрілерге кететін. Ол балаларының еміне ақша жұмсаған сайын, сатып алушыларын бұрынғыдан бетер алдайтын. Сөйтіп ол елді көп алдаған сайын, балалары да көп ауыра беруші еді.

     Бірде Ысмайыл дүкенінде балаларының денсаулығын уайымдап, жалғыз отырғанында, оған бір сәт аспан ашылғандай болып кетті. Ол мойнын созып, не болып жатыр өзі деп аспанға қарады. Адамдарға Жаратушы Тәңірдің үлестіріп жатқан ризығын дәу таразы жанында өлшеп тұрған періштелерді көреді.  Міне Ысмайылдың отбасысының да кезегі келді. Періштелер таразының бір басына балаларының денсаулығына тиісті ризықты қояр кезде, оны таразының екінші басына салынып жатқан нығметтің гирінен кемсітіп тастады. Мұны көрген Ысмайыл ашуланып кетіп періштелерге айқайлағысы келді, сол кезде олардың біреуі бұрылып, оған:

      -Таразы әділ. Не үшін ашуланбақсың? Біздің балаларыңның денсаулығына тиісті нығметті кемсітіп жатқан себебіміз, тек сеніі сатып алушыларға жасаған қиянатыңдай-ақ. Біз Ұлық Құдайдың үкімін осылай орындаймыз!-деді.

     Ысмайыл тура біреу қылышпен түйреп алғандай боп орнынан атып тұрды. Содан ол осыған дейін жасаған қиянаттарына өкініп, Құдайдан кешірім сұрап, тәубесіне келді. Сол күннен бастап ол дүкеніндегі таразысын туралап, сауданы әділ жасайтын болды, тіпті сәл артықтау салып тұратын болды. Балаларының да денсаулығы жақсы болып кетті.

 

әлеуметтік желіден

аударған Жүрсін Кәрім

Пікірлер Кіру