ТОҒЫЗ СӨЗ БЕН ТОҚСАН ТОҒЫЗ СӨЗ ТІРКЕСІ ТУРАЛЫ ОЙ

30 мамыр 2024 1523 0
Оқу режимі

Дүние «сөзден» басталатыны көпке мәлім. Әдебиет әуелгі мағынасында «асыл сөз», «сөз өнері» деген ұғымды білдірген.

Араб әдебиетінің орта ғасырдағы классикалық шығармасы «Мың бір түнде» әйелдер қауымын жазықсыз жазалаған өмірге назалы, адам баласына сене алмайтын қаһарлы Шаһрият патшаны райынан қайтаратын Шаһризаданың мың бір түн бойы айтқан қызықты әңгімелері емес пе-еді?..

Әңгіме – көркем әдебиетің туындысы. Әдебиеттің құралы – тіл. Тіл өмірді сөз арқылы бейнелейді. Өмірді құлаққа естіртетін, көзге елестететін сөз. Себебі, көркем сөздегі жылу жүрекке жетеді. Жүректе жылы ой болса, ауыздан тәтті сөз шығады.

Сөз өнері тарихтан бергі сөз зергерлерінің адам баласын бір ғажайып сиқырлы ойларға отарлататын жасампаздық қаруы, сөз белгілі бір атауға берілген ұғым. Сөз арқылы ойлаған ойын, мақсатын өзгелерге жеткізе алады, әрі өзі білмеген заттарды сөз арқылы таниды, ұғады. Адамзаттың тіл үрдісі, тарихы және ғылыми сипаттамаларымен ғана өз бояуын әйгілейді. Әрбір ұғымның адам санасында қалыптасып, оның ендігі бір атаумен бейнеленуі тіл ғылымының этимология (сөз төркінін зерттеп, айқындаушы) саясына саяды. Осы тұрғыдан қарағанда әрбір атаудың өз шежіресі болумен бірге мағыналық аймағы болады. Мағаналық аймақтың ұлғаюы, тарауы немесе өзгеруі сол ұлттың тіршілік тынысымен тығыз байланысты болады.

Қазақ тіліндегі сөздердің мәні терең философиялық толғамы күшті, өмірді молынан қамтыған бай мазмұнды болып келеді. Ұрпағымыз қателеспей, жаңылмай әр сөзді өз мағынасында қолдансын десек өзіміз барлық сөздің түп төркіне зер салып, қолдану аясын біліп жүргеніміз абзал.

Халқымызда «білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» деген мәтел бар. Біз осы метелді «сөз» тұрғысынан қарасақ төмендегі «тоғыз» сөздің қолдану аясымен құрамында тоғыз сан есімі бар тоқсан тоғыз сөзбен, сөз тіркестерінің қолданысын көппен ортақтасуды жөн көрдік.

«Ауа», «нан», «қазақ», «ата», «апа», «ана», «ене», «аға», «іні» осы тоғыз сөзді қалай оқысаң да мәнін жоймайды. «Ауа» мен «нан» тірліктің тірегі болса, «қазақ» сөзі ұлттың атауы, ал «ата», «апа», «ана», «ене», «аға», «іні» қандастық, туыстық байланысты, қарым-қатынасты білдіретін атау болып, ойды айқын бейнелеп, дауысты дыбыстың рөлін айқындайды. Тілімізде қалай оқыса мәнін жоймайтын басқа да сөздер болуы мүмкін, біз мұны тек мысал ретінде алып отырмыз.

«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой» дегендей, тілімізде қолданысқа түсіп, ойда жүрген «тоғыз» сан есім қатысқан сөздермен сөзтіркестерін оқып көрейік:

«Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз тарау», «Тоғыз тоғанақ», «Тоғыз құмалақ», «Тоғыз таңбалы», «Тоғыз тана», «Үйрімен үш тоғыз», «Тоғыз орам», «Тоғыз қабат торқа», «Тоғыз пернелі домбыра», «Тоғыз жерде тоғыз сексен бір», «Екі тоғыз он сегіз», «Тоғыз том аударған», «Тоғыз тон тоздырған», «Тоғыз шарбақ тоқыған», «Тоғыз жылдық ағарту», «Тоғыз алу», «Тоғыз беру», «Тоғыз кәде», «Тоғыз қалың беру», «Тоғыз тарам жас ақты көзінен», «Тоғыз қара айдады», «Тоғыз ай тоғыз күн көтеру», «Тоғыз қатынның толғағы бір күнде келіпті», «Тоғыз жоралғы», «Тоғыз тармақты келісім», «Тоғыз держава келісімі», «Тоғыз дегеніміз – тоғыз жау», «Тоғыз – қайырсыз», «Тоғыз тоқал», «Тоғыз міскін», «Тоғыз тақыр», «Тоғыз тоқ», «Тоғыз дегеніміз – тоғыз мұғжиза», «Тоқтамыстың тоғыз батыры», «Тоғыз дауысты дыбыс», «Тоғыз сөз табы», «Тоғыз жасында Қазыбек билік айтқан», «Тоғыз торғай» (ру аты), «Тоғыз Жолболды» (ру аты), «Тоғыз жұлдыз», «Тоғыз сөз», «Тоғыз оғыз», «Тоғыз ай, он күн толғайды», «Тоғызыншы қара сөз», «Жәнібектің тоғыз ұлы болған». Ерекше тарихқа аты қалғаны-қасым хан, «Тоғыз дерек», «Тоғыз Тәңірберді» (ру аты), «Тоғыз ауыз сөз», «Тоғыз қиық көйлек», «Тоғыз ишара», «Тоғыз олжа», «Тоқты тоғыз айда толады», «Тоғыз рет қайталау», «Тоғыз жоба», «Тәрбиенің тоғыз тірегі», «Тоғыз жыл оқыған», «Тоғызыншы шіретте тұр», «Тоғыз жарнама тоғыз топқа тарады», «Тоғыз сөз тіркесі», «Тоғыз жалау», «Үйленгелі тоғыз жыл болсада, тоқтылық тонауы жоқ», «Тоғыз қабатты тұрғындар тұрағы», «Тоғыз тұяқ», «Тоғыз баспалдақ», «Тоғыз арна», «Тоғыз үй», «Тоқтар тоғыз қойын жоқтар», «Тоғызыншы аула», «Тоғыз қарауыл», «Тоғыз тосқауыл», «Тоғыз томар», «Тоғыз алдаяма», «Тоғыз сері», «Тоғыз шұмақ», «Тоғыз құлаш», «Тоғыз қап», «Тоғыз бұт», «Тоғыз буын», «Тоғыз метр мата», «Тоғыз саржан», «Ерназардың тоғызы», «Әйел бір ақылымен тоғыз нәпссін тияды», «Тоғыз тона», «Тоғыз тал», «Тоғыз тоқаш», «Тоғыз шоғыр», «Тоғыз тоқылдақ», «Тоғыз тоқпақ», «Тоғыз доп», «Тоғыз тораңғы», «Тоғыз көл», «Тоғыз бұлақ», «Тоғыз бел», «Тоғыз торы», «Тоғыз сопы», «Тоғыз қора қойды тоғыз серке бастайды». «Тоғыз тоқты», «Тоғыз тұлпар баптаған бапкер», «Тоғыз қарақшы», «Тоғыз төре», «Тоғыз арба отын әкелді», «Тоғыз шырақ жанды», «Он пәленің тоғызы-тілден», «Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз», «Қазақстан жер көлемі жағынан әлем елдері ішінде тоғызыншы орын алады».

Міне «тоғыз» сан есіміне байланысты тоқсан тоғыз не одан да көп сөздермен сөз тіркестерінің бар екенін айқындадық. Біз бұдан әр бір сөздің өз шежіресі мен мағаналық аймақтарының барлығын түсініп, жасалу жолдарымен беретін мазмұнын игердік.

Тіл адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, ойлаудың, дүние танудың, рухани мәдениетті жасаудың, моральдық тәрбие беріп, ұлттық тәрбиені жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақтарды тарбиелеу, ғылым-білімді игерту тіл арқылы жүзеге асатынын ұмытпалық.

Ұлт болашағы – тілде, тілді көзіміздің қарсындай қастерлейік, аялайық ағайын!

 

Байболат МҰРАТБЕКҰЛЫ

 

 

Пікірлер Кіру