Тұтқасыз есік бола ма екен?

28 қыркүйек 2018 12690 0
Оқу режимі

Балабақшада бір бала ортасында есігі бар жүректің суретін салыпты. Оны байқаған тәрбиеші: «Қандай жақсы сурет. Неге ортасына есіктің суретін салдың?» – деп сұрайды.

Сонда бала: «Ол есіктен Алла кіреді», – дейді. Тәрбиеші: «Онда оның тұтқасы неге жоқ? Тұтқасыз есік бола ма екен?»

Бұған берген баланың жауабын қараңыз: «Оның тұтқасы сыртында емес, ішінде болу керек. Оны Алла емес, ішінен біз ашуымыз керек», – деп таңқалдырған екен.

Расында, біз сол есікті аштық па?

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру