Ұрлықтан тыйған бір ауыз сөз

09 қаңтар 2021 5587 0
Оқу режимі

XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген атақты Бөлтірік шешеннің ауылдас бір тұрғыны қартайғанша ұрлығын қоймапты. Ұрлық болғанда, біреудің ұсақ-түйек бұйымын жымқырып кете береді екен. Бір күні түнделетіп көрші ауылдағы тойдан қайтып келе жатса, әлгі шал ұшырай кетеді. Оны танып қалған Бөлтірік:

- Түнделетіп неғып жүрсің? - десе, анау:
- Жәй, әшейін Бөтеке, - деп қипақтайды.
- Арқалап алғаның не?
- Қауын, қарбыз еді.
- Оны қайдан алдың?
- Мына ауылдың қауыны пісіп жатыр екен, содан ала салдым.
- Ұрлап алғаныңыз жарамайды ғой, ақсақал.
- Қараңғы түнде кім көреді дейсіз...
- Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді емес пе?
- Қап, мына сөзің өңменімнен өтті-ау, енді қойдым, қойдым! - депті шымбайына батқан шал.

Сол-сол екен, әлгі ақсақал ұрлық қылуын пышақ кескендей қойып кетіпті деседі ел.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру