ЖАЛҒЫЗДЫҢ ҚАТЕЛЕГІ ЖАМАҒАТҚА ДА ӘСЕР ЕТЕДІ

17 сәуір 2024 1152 0
Оқу режимі

Зияны жалпыға әсер ететін кейбір күналар болады. Фитнаға, ұрыс-керіске, халыққа келтіретін қиыншылыққа жалғыз ол күнәны жасап бастатқан, осылайша өзіне де, басқаға да зұлымдық еткен залымдар ғана көресіні көрмейді, құрғақтың жанындағы балғынды да жағады.Біреудің қателегі үлкен бір жасақтың өзін жоқ қылуға жетерлік.

Сахабалардан Нұғман бин Бәшир (р.а.) мінберден мұсылмандарға былай деп насихат етеді:

«Ей, адамдар! Араларыңдағы ниеті бұзық адамдардың жамандықтарына кедергі болыңдар. Мен Пайғамбарымыздан (с.а.у.) былай естідім:

 «(Ей, адамдар! Ойланып көріңдерші...) Теңізде жол алған бір кеме бар. Ол жерде жолға шыққан адамдар кеменің бөлмелерін қолданып келе жатыр, бәрі бір кемеде... Бұл кеменің астыңғы қабатындағы біреу қолына балта алып, кеменің түбін теспекші. Басқалары, «Есің дұрыс па, не істеп жатырсың?!» десе, «Бұл жер маған тиесілі, не істесем де өзім білемін!» деп ашу шақырады.  

Кемедегілер қол-аяғын матап, оның ойына келгенін істеуге жол бермесе, әрі кемедегілер аман қалады, әрі әлгі адам да аман қалады. Ал, бірақ ешкім ешқандай шара қолданбаса, кемедегілер де, ана адам да суға батып кетпек».

 Осы жағдайға байланысты Әбул Фаруқ Силистреуи (к.с.) былай дейді:

 «...Дінімізде «маған қатысы қанша» деп емес, маған керек деген жөн». Бұдан түсінетіміз, жалпыға келген фитна – жалғыз біреу жасаған залымның ғана  емес, уақытында тоқтатпай, соған жол берген ғапілдердің де жазасы болмақ.

Пікірлер Кіру