12 жасар қыз Бүкілресейлік Құран жарысының жеңімпазы атанды

29 қаңтар 2020 5206 0
Оқу режимі

Татарстан республикасының Ютазинский ауданындағы Уруссу ауылында өткен әйелдер арасындағы Бүкілресейлік Құран жарысы өз мәресіне жетті. Айтулы сайысқа Пенза, Орынбор, Магниторск, Башкирия, Мордовия, Тюмень, Қазан, Альметьевск, Нижнекамска, Чистопль, Лаишевский және тағы басқа аймақтар бойынша 50-ден астам қыз-келіншектер қатысқан. Үміткерлердің ең кішісі 6 жаста болса, егделеуі 47 жаста екен.

Құран жарысының салтанатты жабылу шарасына Татарстан мүфтиінің орынбасары Рустем Валиулин қатысып, аудан басшысы Аяз Шафигуллинге алғыс хат табыстады.

Үш түрлі аталым бойынша өткен Құран жарысында «4 пара бойынша» үздік өнерімен танылған 12 жасар Омина Сатторова жеңімпаз аталып, кіші қажылық жолдамасы бұйырды. Магинторск аймағынан келген 12 жасар бүлдіршінге Құран жаттауға әкесі көмектескенін айтады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру