20 жастағы Мухаммед жерлеу алдында тіріліп кетті
03 шілде 2019
5915
0
Оқу режимі
Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы адам сенгісіз ғажайып оқиға орын алып отыр. 20 жастағы Мухаммед Фуркан есімді бозбала өзін жер қойнына тапсырар алдында кенеттен тіріліп кеткен!
Маусым айының соңына таман жол апатына ұшыраған Мухаммед Фуркан терең комаға түсіп, өкпесіне жасанды аппарат қойылған екен. алайда, арада бірнеше күн өтісімен ата-анасының ақшасы таусылып, дәрігерлер бозбалаға жасанды аппаратпен дем беруді доғарған, оны өлді деген тұжырым жасаған.
Бозбаланың денесін Индирангардағы ата-анасына жеткізіп, жерлеу рәсімі басталғалы жатқан кезде Мухаммедтің денесіне жан бітіп, есін жинаған. Қазіргі уақытта «қайта тірілген» Мухаммед дәрігерлердің бақылауында.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру