50 отбасыға «Бас мүфти тартуы» табысталды (ФОТО+ВИДЕО)

01 қыркүйек 2020 4086 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастырумен ел астанасындағы «Бақытты шаңырақ» мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін отбасылар қорына гуманитарлық жәрдем көрсетілді. Бұған дейін де бірнеше мәрте қайырымдылық шарасын өткізіп, қор мүшелеріне тұрақты түрде  жәрдем көрсетіп келе жатқан дін қызметкерлері бұл жолы 50 отбасыға азық-түлік сөмкесін ұлестірді.

Еліміздің тұғырлы мерекелерінің бірі – Ата заң күні аясында өткен игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов өзі қатысып, қор мүшелеріне ізгі тілегін білдірді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық ілтипатын жеткізіп, қор мүшелерін бүгінгі мерекемен құттықтады.

Өз кезегінде «Бақытты шаңырақ» мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін отбасылар қорының төрайымы Пернеш Абдукаримқызы дін қызметкерлеріне айрықша алғысын білдіріп, ҚМДБ тарапынан үнемі қолдау тауып келе жатқандықтарын айтты.

Айта кетсек, Ата заң күні аясында Елордалық имамдарға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тарапынан арнайы азық-түлік сөмкелері таратылған болатын.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Пікірлер Кіру