АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

08 маусым 2023 1760 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Ұлттық аккредиттеу орталығы басшысының орынбасары Абсамат Акимовпен кездесті. Жиынға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және ҰАО мамандары  қатысты. 

Халал индустриясын дамыту, халал стандарттау және сертификаттауды жүйелендіру діни басқарманың негізгі бағыттарының бірі екендігін және осы бағытта біраз нәтежиелі жұмыстардың атқарылып жатқандығы сөз болды. 

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қарастырылды: 

«Халал» сәйкестікті бағалау жүйесінің құрылымы

Ислам мәселелері бойынша СРО (сәйкестікті растаушы орган) сарапшыларын сертификаттау

СРО мамандарын стандарттар бойынша оқыту

Өндіріс мамандарын оқыту, сертификаттаушы органдарды аккредиттеу мүмкіндігін қарастыру.

Ұлттық аккредиттеу орталығы басшысының орынбасары Абсамат Абжапарұлы өз кезегінде мүфтиятпен әрдайым тығыз байланыста жұмыс істейтінін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру