Әлемде 113 млн жан аштық азабын тартып келеді

08 сәуір 2019 6413 0
Оқу режимі

БҰҰ-ның 2018 жылғы есебі бойынша жер бетінде 113 млн жан аштық азабын тарту үстінде. Тіпті, олардың жағдайы өмір мен өлімнің арасында деуге де болады. Бұл аз десеңіз, тағы 800 млн жан күнделікті күш-қуатқа қажетті асқа жарымай отырған көрінеді.

Аштық азабы қысқан елдердің қатарында Ауғанстан, Конго, Эфиопия, Нигерия, Оңтүстік Судан, Судан, Сирия, Иемен бастаған жалпы саны 52 мемлекет енгізілген.

Дегенмен, бұл көрсеткіш 2017 жылғы нәтижемен салыстырғанда, аздап азайғаны байқалады. Айта кетейік, 2017 жылы әлем бойынша ашыққандардың саны 124 млнды құраған.

Пікірлер Кіру