ӘЛИХАН МАҚСҰТ АТЫНДАҒЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ (ФОТО)

24 маусым 2023 2866 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Имани жаз-2023» жазғы сауат ашу курсы шәкірттері арасында Әлихан Мақсұт атындағы эссе байқауы өтіп, үздіктер анықталды.

Биыл «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен «Имани жаз-2023» жазғы сауат ашу курсында 600-ге жуық шәкірт білім алған болатын. Аталған жоба аясында түрлі спорттық сайыстар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, биылғы жылдың жазғы курсында «Әлихан Мақсұт атындағы эссе байқауы» өтті. 

Әлихан Мақсұт 2018-2019 жылдары екі жыл қатарынан республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті ұйымдастырған «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсына қатысып, қоғамдық істерге қатысып, шығармашылық байқаулардан үздік шығып, көзге түскен болатын. Ол өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, роботтехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Мешітімізде білім алған дарынды шәкірт Әлихан Серікзатұлының ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ете отырып, қоғамға, туған жерге қызмет етуге баулу –  эссе байқауының негізгі мақсаты.

Діни басқарманың концерт залында өткен марапаттау кешінде байқауға қатысушы шәкірттерге «Әлиханның арманы» атты деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, белгілі қоғам қайраткерлері Қуандық Қыстықбаев, Мұратбек Тоқтағазин, жас өнер жұлдыздары Айкерім Тілеубек, Мұхамедәлі Жүгінісовтер қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.  

Астана қаласының және «Әзіре Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы шәкірттерді ел дамуына үлес қосуға шақырып, насихат айтты. Әлиханның әкесі, белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы өз ризашылығын білдіріп, байқауға қатысушы шәкірттерге өнегелі өмір тіледі.

Айта кетейік, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің ғалымдарынан құралған комиссия мүшелері  шәкірттердің алпыстан аса жұмысын қарап, ішіндегі ең мықтыларын іріктеп шығарды. Жеңімпаздарға ҚМДБ Астана өкілдігінің атынан және Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры атынан бағалы сыйлықтар берілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру