Алматы мешіттері жұмысын бастады (ФОТО)

01 маусым 2020 5574 0
Оқу режимі

30 мамырдан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің төтенше жағдайдан кейінгі Алматы қаласындағы діни объектілердің қызметіне қойылған шектеулерді алып тастау тәртібі туралы айтқан №32-қаулысына сәйкес, Алматы қалалық мешіттері осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген арнайы нұсқаулық негізінде және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимінің талаптарын қатаң сақтай отырып жұмысын бастады. 

Сондай-ақ, аталған қаулыға сәйкес, мешіттерде жамағат (бес уақыт намаз, жұма намазы) намаздары оқылмайды, тек жекелеген түрде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып намаз оқуға, дұға етуге рұқсат етіледі.

Құрметті қала тұрғындары, қадірлі жамағат!

Сіздерді Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №32-қаулысынның 1-қосымшасында көрсетілген нұсқаулығына құлақ түріп, ондағы әрбір тармақпен жіті танысып шығуға және мешіттерде енгізілген жаңа талаптар мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. 

Алла Тағала құлшылықтарымыз бен ізгі ниетімізді, ел амандығы мен жұрт тыншытығы үшін қылған дұға тілектерімізді қабыл етсін. Әмин! 

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28.05.2020 ж. №32-қаулысына 1-қосымша

 COVID-19 карантин кезеңінде діни объектілердің қызметі туралы НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Діни объект әкімшілігінің бұйрығымен (бұдан әрі – объект) COVID-19 карантин уақытында объектіде алдын алу іс-шараларын сақтауға жауапты тұлға бекітілсін.
  2. Жауапты тұлға жұмыс (ауысым) басталар алдында байланыссыз термометрлерді (тепловизорларды) пайдалана отырып, қызметкердің күнделікті термометриясын жүргізіп, нәтижесін қағаз немесе электрондық тасығыштарда тіркесін.
  3. Респираторлық инфекцияның кез келген белгілері бар (температураның көтерілуі, жөтел, тамақтың ауруы, тыныс алудың қиындауы)  діни қызметшіні жұмысқа жібермеу және инфекция симптомдары анықталған немесе пайда болған жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру қажет.
  4. Объектіге келушілердің термометриясын жүргізу үшін байланыссыз термометрлер (тепловизорлар) қолданылсын.
  5. Діни қызметшілерді бір реттік қолданылатын медициналық маскалар қорымен (жұмыс ауысымының ұзақтығы мен 3 сағатта 1 реттен кем емес маскалар ауысуын ескере отырып), сондай-ақ бір реттік қолданылатын қолғаптармен (ауысымда 2 реттен кем емес және тұтастығы бұзылған кезде ауыстыруға жататын), қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен қамтамасыз етсін.
  6. Объектіде пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маскалар) жинайтын контейнер жабдықталсын. Контейнерді мамандандырылған ұйымдар қауіпсіз медициналық қалдық ретінде (тұрмыстық қатты қалдықтар сияқты) полигонға шығарады.
  7. Көрінетін және қолжетімді орындарда (кіреберісте, санитариялық тораптарда, құдайға құлшылық етуге арналған үй-жайларда, дәрет алуға арналған және діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған бөлмелерде) келушілердің қолын өңдеуге арналған санитайзерлер орнатсын. Қолжетімді жерде коронавирусты инфекцияның алдын алу тақырыбына жаднамалар орналастырсын.
  8. Діни ғимараттарға (құрылыстарға) келушілердің кіруін міндетті түрде маска («маскалық режимнің» сақталуы) болған жағдайда ғана қамтамасыз етсін.
  9. Діни қызметшілер міндетті түрде маскалар мен медициналық қолғаптар киіп жүруге тиіс.
  10. Діни ғимараттарға (құрылыстарға) кіретін есіктер ашық болуы тиіс.
  11. Діни ғимараттарда (құрылыстарда) тек жеке тәртіппен, кемінде 1,5 м. қашықтықты сақтай отырып, дұға жасау мүмкіндігін ұйымдастырсын.
  12. Діни рәсімдерге қатысатын адамдардың жалпы саны 30-ға дейін  шектелсін.
  13. Діни ғимараттарда (құрылыстарда) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктердің мекемелері мен үй-жайларында, тұрғын үйлер мен қоғамдық тамақтану объектілерінде ұжымдық түрде құдайға құлшылық етуді, діни рәсімдерді, жоралар мен жиналыстарды өткізуден бас тартсын.
  14. Келушілердің діни ғимараттарда (құрылыстарда)  болу уақыты 15-20 минутқа дейін регламенттелсін.
  15. Діни ғимараттарда (құрылыстарда) антисептиктерден басқа қандай да бір сұйықтықтарды пайдалануға тыйым салынсын.
  16. Ауаның температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және кондиционерлеу жүйелеріне (тазалау, жуу, зарарсыздандыру, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізуді қамтамасыз етсін.
  17. Үрмелі-сормалы желдету жүйесімен жабдықталмаған үй-жайларды күніне кемінде 15 минуттан  5 ретке дейін желдету қамтамасыз етілсін.
  18. Қажеттілік көлеміне қарай зарарсыздандырғыш, жуғыш құралдарының, сұйық сабынның, тері антисептиктерінің, шүберектердің және жинау мүкәммалының азаймайтын қоры қамтамасыз етілсін.
  19. Діни ғимараттардың (құрылыстардың) үй-жайларын қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген, қолдануға рұқсат етілген және тіркелген зарарсыздандырғыш құралдарын пайдалана отырып, мынадай жиілікпен: санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, оның ішінде крандардың шұралары, унитаз бөшкелерінің су ағызатын жері) мен сүйеніштер күніне 3 рет өңдеп ылғалды жинау жүргізілсін.
  20. Зарарсыздандырғыш заттар өндіруші кәсіпорынның қаптамасында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған, балалардың қолы жетпейтін  жерде тығыз жабылған түрде сақталсын. Зарарсыздандыру іс-шараларын және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмекті жүргізу кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты  зарарсыздандырғыш заттар үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетілген.
  21. Техникалық персонал (еден жуушылар) зарарсыздандырғыш заттарды қолдана отырып ағымдағы ылғалды жинауды жеке қорғаныш құралдарын (халат, қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып жүргізсін. Зарарсыздандырғыш заттармен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсеткіштері жоқ кәмелетке толған  адамдар жіберілсін.
  22. Іргелес аумақты зарарсыздандыру тәулігіне кемінде 1 рет жүргізілсін.
  23. COVID-19 коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға объектінің әкімшілігі жауапты.

Дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру