Алматы өңірінде «Ел үлесі-пәтерге» жобасы бойынша 137-ші үй табысталды (ФОТО)
03 қазан 2019
4970
0
Оқу режимі
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылындағы алты балалы мұқтаж отбасына 5 ай аралығында ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша «Зекет» қорының бастамасымен зәулім үй салынып, тұрмысқа қажет заттары алынды.
Республикалық «Ел үлесі-пәтерге» қайырымдылық акциясы бойынша 137-ші үй 13 жыл бойы алты баласымен осы уақытқа дейін пәтер жалдап келген Айжарқын Жалғасбайқызына табысталды.
Бұл ізгі іс-шараға арнайы ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, қайырымдылық сауапты амалға қаржылай және өз мүмкіншілігіне сай үлесін қосқан жомарт азаматтар мен имамдар қауымына алғысын жеткізіп, көп балалы ананы жаңа қоныс тойымен құттықтап, батасын берді.
Дереккөз: Алматы өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру