Алматы: «Қалқаман 2» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

15 тамыз 2019 5417 0
Оқу режимі

Құрбан айттың екінші күні Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Қалқаман 2» мешіті «Ниет» қайырымдылық қорының қолдауымен "Жүрек жылуы" атты қайырымдылық акциясын өтікізді. Іс-шара, əлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы ата-аналарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Биылғы жылы екінші рет өткізіліп отырған игі шарада 90-нан астам отбасыға жаңа киімдер таратылды.

«Қалқаман 2» мешітінің бас имамы Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жиналқан қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді: «Қасиетті Құрбан айт мерекесінің үш күнінде «Қалқаман 2» мешітінің жамағаты құрбандық шалып, мешітте көмекке зәру азаматтар тізіміне тіркелген көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған жандарға шалынған малдың етін жәрдем ретінде таратты.

«Алла біздің жүрегімізді жақсылыққа жақын етіп қойған. Алла Тағала баршамыздың құлшылықтарымызды, ізгі амалдарымызды қабыл алып, елімізге тыныштық пен ауызбіршілік, әр отбасына молшылық пен мейірім берсін», - деп дұға тілеп, қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетер болсақ, 2019 жылдың Рамазан айында «Қалқаман 2» мешіті «Ниет» қорының қолдауымен Наурызбай ауданының 50 көпбалалы ата-аналары мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына азық-түлік пен жаңа киім-кешектер таратқан болатын.

 

Пікірлер Кіру