Алматыдан Жиддаға жаңа тікелей рейс ашылды

03 желтоқсан 2019 4705 0
Оқу режимі

Алматыдан Сауд Арабиясының қалалары – Жидда мен Мәдинаға аптасына екі мәрте ұшу жоспарланып отыр.

30 қарашада Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігі) бас консулдығының дипломаттары Король Әбдел Азиз атындағы Жидда қаласының халықаралық әуежайында бортында 112 жолаушысы бар отандық SCAT әуекомпаниясының «Алматы-Жидда» бағыты бойынша орындаған бірінші рейсін күтіп алды, — делінген хабарламада.

SCAT басшылығының ақпаратына сәйкес, аталған әуекомпания Алматыдан Сауд Арабиясының қалалары – Жидда мен Мәдинаға аптасына екі мәрте, әр сенбі және сәрсенбі күндері тұрақты түрде тікелей ұшуларды жоспарлап отыр.

kazislam.kz 

 

Пікірлер Кіру