«Әлжан ана» мешітінде Мәуліт мерекесі тойланды (ФОТО)
05 желтоқсан 2019
5611
0
Оқу режимі
Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз дүниеге келген айдың құрметіне орай еліміздегі барлық құлшылық ордаларында Мәуліт мерекесі тойланып, екі дүниенің сардарының парасаты паш етіліп келеді.
Еліміздің Бас шаһарындағы құлшылық ордалары да осы игі дәстүрдің жыл санап аясын кеңейтіп, Мәуліт мерекесін дәріптеудің түрлі жолдарын көрсетіп келеді. Сондай салиқалы Мәуліт кеші кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде болып өтті. Шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің әжелері арнайы қатысып, өздерінің тілеулестігін танытты.
Мешіттегі мерекеге елімізге белгілі қари Жұманазар Садырханов пен өнерпаз Арман Ғабдуллин шақырылып, жамағатқа мәуліт жырын оқып берді. Мешіт бас имамы Әділхан Иманәліұлы мүбәрак мерекенің мән-маңызы жайлы насихат айтып, Алла елшісін (с.ғ.с.) жаныңнан артық көру – сүннетін сүйіп, өсиетін орындаудан басталатынын жеткізді.
Әз Елшіге (с.ғ.с.) сансыз салауаттар жолданған мерекелік шараның соңы арнайы жайылған ақ дастарханға ұласты. Мерекелік үстел үстіндегі шараға елімізге белгілі әншілер де қатысып, жамағатқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысты.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру