Ақмола облысының әкімі Бас мүфтиді құттықтады (ФОТО)

12 наурыз 2020 5055 0
Оқу режимі

Ақмола облысының әкімі Ермек Мыржықбаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Мемлекетімізде этносаралық және конфессиялық ауызбіршілікті арттыру ісіне, руханият пен мәдениеттің дамуына зор үлес қосып келесіз. Еліміздегі мұсылман қауымының рухани жетекшісі ретінде Бас мүфти лауазымына сайлануыңыз осы қажырлы еңбегіңіздің арқасы деп білемін.

Сізді киелі Көкше жерінің қадірлі қонағы болуға шақыра отырып, ел игілігі жолындағы рухани қызметіңізге береке, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін» делінген құттықтау хатта.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру