Ақпарат және қоғамдық даму министрі Рамазан айымен құттықтады (ФОТО)

23 сәуір 2020 4205 0
Оқу режимі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Рамазан – адамзатты татулық пен бейбітшілікке, мейірім мен ізгілікке үндейтін Ислам дініндегі басты ай. Бұл айда ораза ұстау мұсылмандық шартының бірі әрі рухани жаңару мен қуаттың бірден бір көзі саналады», - дей келе министр Рамазан айының ұлттық құндылығымыздың бірі екенін атап өтті.

«Өзіңіздің басшылығыңызбен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымды істер ұйымдастырып, ел амандығы үшін өңір имамдары Құран хатым түсіріп, жақсы істерге мұрындық болуда.

Осыған орай сізге және Діни басқарма қызметкерлеріне осындай сын сағатта ел игілігі жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіріп, абыройлы да жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін», - деді Дәурен Абаев.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру