«ӘР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)
23 қыркүйек 2025
857
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Тайқазан» жобасы аясында «Әр-Рахман» мешітінде мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша өкілі Нұрбол Оразбай және «Әр-Рахман» мешітінің имамы Жандос Атембаев қатысты.
Елордалық аз қамтылған 35 отбасыға 1 айға жететін азық-түлік қоржындары үлестіріліп, дін қызметкерлері рухани демеу көрсетті. Көмек алушы тұрғындар да жақсы тілектерін айтып, жалғасын тауып келе жатқан сауапты іске алғысын білдірді.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру