Әрбір бесінші турист бұл елге барғысы келеді

05 қаңтар 2020 5548 0
Оқу режимі

Британиялық компания мамандары жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, әрбір бесінші турист Сауд Арабиясы королдігін көруге қызығады екен. Мамандар 9 521 жанмен сауалнама жүргізген. Нәтижесінде, Сауд Арабиясы бойынша жаңадан енгізілген виза режимі басталғалы бері АҚШ, Канада, Қытай, Малайзия және Британия елдерінің туристтерінің қызығушылығы қатты оянғанын айтады.

Сауалнамаға қатысқандардың 22 пайызы Қызыл теңіз жағасында орналасқан көне Жидда шаһарын көргісі келеді екен. Айта кетейік, аталмыш шаһар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік жәдігерлер тізіміне енгізілген.

Ал, Қытайдан келген саяхатшылардың үштен бірі әл-Ула қаласына қатты қызығушылық танытқан. Саяхатшылардың көбісі, яғни 73 пайызы корольдіктегі бірнеше мекенін тамшалауды құп көрген.

Сауд Арабиясының ұлттық жәдігерлер мен туризм жөніндегі комиссияның директорлар кеңесінің төрағасы Ахмад Агил әл-Хатибтің айтуынша, жаңа виза режимі елге келуші туристтер саны мен инвестиция көлеміне едеуір үлес қосқан.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру