Әріптестік байланысты нығайтудың маңызы талқыланды (ФОТО)

18 наурыз 2021 4341 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Каир қаласында өткен Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің кезекті халықаралық конференциясы аясында Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мухетдиновпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы оқу-ағарту, баспа, уағыз-насихат т.б салалар бойынша әріптестік байланысты нығайту мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің ұйымдастыруымен өткен «Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты халықаралық конференцияда көтерілген мәселелер талқыланды.

Тараптар діни татулық пен келісімді нығайтудың маңыздылығы жайында пікір алмасып, осы бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру