Астана әкімі атынан «Әзірет Сұлтан» мешітінде ауызашар берілді (ФОТО)

06 маусым 2018 7624 0
Оқу режимі

Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев атынан жамағатқа дастарханға жайылып, тегін ауызашар берілді. Бас мешіттегі берекелі дастарханға Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандар, зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар, журналистер, ел ағалары мен қоғам қайраткерлері қатысып, ғибратты отырысқа куә болып қайтты. Қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев мырза жиылған жамағатқа құттықтау лебізін білдіріп, бүгінгі ауызашар дастарханына келгендеріне ризалығын жеткізді.

Ауызашар дастарханына ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысып, жиылған жамағатқа өз лебізін жеткізді. Қасиетті Рамазан аймен құттықтап, берекелі айдың қадір-қасиеті мен артықшылығы жайында айтып өткен Наурызбай қажы Тағанұлының уағызы жиылған жамағатқа ерекше әсерін қалдырды. Бұдан бөлек, елімізге белгілі ақын-жазушылар Әкім Тарази мен Несіпбек Айтұлы да өз тілектерін білдіріп, Рамазан айының қадір-қасиеті турасында тағылымды ой қозғады. Мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелді ақсақал да алқалы топқа аталық тілегін арнап, елдің амандығын сұрап дұға жасады.

Пікірлер Кіру