АСТАНА ИМАМДАРЫ ЗИРАТ БАСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

05 қазан 2025 992 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен қаладағы мұсылмандар зиратына тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында өткен игі шараға Астана қаласының дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары атсалысты. Игі шараға кіріспес бұрын Құран аяттары оқылып, қорымда жатқан барша әруақтар рухына бағышталды.

Мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру - жәй ғана міндет емес, ізгі амал. Осы ізгі амалды өскелең ұрпаққа көркем түрде насихаттау, дүниеде қадірлі болған мұсылман адамның қабірін аяқасты етпей, құрметпен қарау - бүгінгі шараның негізгі мақсаты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру