АСТАНА ИМАМДАРЫНА КӨЛІКТІ КӨЛІККЕ АЙЫРБАСТАУДЫҢ ҮКІМІ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

26 қыркүйек 2025 933 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мешітінде елордалық дін қызметкерлеріне «Бартер», яғни көлікті көлікке айырбастаудың үкімі түсіндірілді. 

Ханафи мәзһабы бойынша бір жынысты заттарды айырбастау барысында есесін кешіктіруге немесе несиеге беруге болмайды. Яғни, мысалы, бір қойды екі қойға айырбастағанда ол қолма-қол жасалуы шарт. Бұл жөнінде Самура ибн Жундубтан жеткен риуаятта: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жануарды жануарға сату барысында есесін кешіктіріп беруге тыйым салды», – делінген.

Ғұламалар кеңесінің түсіндіруінше, сипаты мен сапасында айырмашылығы бар бір маркалы немесе әртүрлі маркалы көліктерді бір-біріне үстеме ақша қосып ауыстыруға рұқсат етіледі. Сондай-ақ тараптардың келісімімен ешқандай үстемесіз де айырбастауға болады.

Мәселен, бір фабрика шығарған киім екінші фабрика өнімінен материалы немесе сапасы жағынан өзгеше болуы мүмкін. Сол секілді әртүрлі автокөліктердің ерекшеліктері ескеріліп, айырбас шариғат талаптарына сай жүргізілуі тиіс.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру