«Астана» медресесінің жанынан қыздар бөлімі ашылды (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Астана» медресесі 2019-2020 жаңа оқу жылына 0112000-ИСЛАМТАНУ мамандығының 0112023-Ислам негізінің мұғалімі біліктілігі бойынша қыздар бөліміне 16-26 тамыз аралығында талапкерлерді оқуға қабылдайды. Медресеге 17-ден 25-жасқа дейінгі жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар талапкерлер қабылданады.
Оқуға қажетті құжаттарды қабылдау орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36 («Нұр Астана» мешітінің жанында орналасқан) Байланыс телефондары: 8 (7172) 44 58 44, Қабылдау бөлімі: Рахымжан ұстаз +7702 042 11 95
Қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш;
- Медресе директоры атына өтініш;
- Өмірбаян;
- Орта білім беру туралы аттестат (түпнұсқасы);
- 086- нысанындағы дәрігерлік анықтама + (флюрография);
- Көлемі 3*4 сурет (4 дана);
- Психодиспансерден анықтама;
- Наркодиспансерден анықтама;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Тұрғылықты жерден анықтама;
- Сотталмағандығы жөнінде анықтама;
- 063 үлгідегі анықтама;
- Скоросшиватель;
- Конверт.
Дереккөз: muftyat.kz