АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ САҒАН, ТУҒАН ЖЕР!» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

04 наурыз 2024 1286 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласының  өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Алғысым шексіз саған, туған жер!» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асқан айтулы шара әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өтіп отыр.

Іс-шараның мақсаты - қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқының құндылықтарын дамыту тұжырымдамасын құру, діндер, конфессиялар, ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара сыйластық пен толеранттылыққа қол жеткізу, жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықтар бірлігін қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту және өскелең ұрпақ арасында дәстүр құндылықтарын қалыптастыру, халық бірлігін сақтау, қоғамдағы дәстүр институтын нығайту және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу.

Дөңгелек үстел барысында ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы сөз сөйлеп, шараға қатысып жатқан жұртшылыққа алғысын білдірді.

Қатысушылардың барлығы осындай іс-шаралардың ерекше құндылығын атап өтіп, өткізілген дөңгелек үстелге ризашылығын білдірді. Іс-шара соңында қатысушылар естелікке фотосуретке түсті.

 

 

Пікірлер Кіру