АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ «ДАРХАН ДАЛА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНҒА БАРДЫ (ФОТО)

01 қазан 2025 601 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің ұйымдастыруымен елорда имамдары «Дархан дала» жобасы аясында қасиетті Түркістан өңіріне арнайы сапар жасады. Сапардың басты мақсаты – рухани байланысты нығайту, тарихтан тағылым алып, жас дін қызметкерлерінің таным көкжиегін кеңейту.

Түркістан сапары барысында елорда имамдары делегация мүшелері алдымен күллі түркі жұртының рухани орталығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасады. Имамдар бабалар рухына Құран бағыштап, қазақ даласында Ислам дінінің таралуына сүбелі үлес қосқан әулиелердің еңбегі мен өнегелі өмірі туралы тағылымды деректерге қанықты.

Айта кетсек, «Дархан дала» жобасы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолға алған рухани-ағартушылық бастама. Жобаның негізгі мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті орындарға зиярат жасау арқылы дін қызметкерлері мен жамағаттың рухани танымын арттыру, ұлттық және діни құндылықтарды насихаттау. Сондай-ақ, жоба аясында имамдар арасында тәжірибе алмасу, ел бірлігін нығайту, тарихи сананы жаңғырту бағытындағы кездесулер мен тағылымды сапарлар ұйымдастырылады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру