ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ: «САҒЫНДЫРҒАН АЛЛА ЕЛШІСІ МҰХАММЕД (С.Ғ.С.)» РУХАНИ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

03 қараша 2025 480 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Әйел-қыздар секторы «Сағындырған Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты рухани кеш ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның көркем мінезі мен өнегелі өмірін насихаттау, жамағат жүрегінде сүйіспеншілікті арттыру және салауат айтудың мән-маңызын түсіндіру.

Кеш барысында Алла Елшісіне (с.ғ.с.) салауаттар жолданып, рухани мазмұндағы уағыз-насихаттар айтылды. Қатысушылар Екі дүние Сардарының өнегелі өмірінен ғибратты әңгімелер тыңдады.

Сондай-ақ, мешіт шәкірттері арасында салауат сайысы ұйымдастырылып, үздік қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру