ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ҚАДІР ТҮНІ ТУРАЛЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

14 сәуір 2023 2573 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен әр жұма сайын әйел жамағатына арналған уағыз-насихат жұмысы үздіксіз жалғасып келеді.

Бұл жолғы насихат мінберіне мешіт ұстазы Әсел Дүйсебекқызы шығып, жамағатқа «Қадір түнінің ерекшелігі» тақырыбында тұшымды уағыз айтты.

Ол Қадір түнінінң басқа түндерден артықшылығы туралы баяндап, бұл түнде қандай іспен шұғылдану керек екенін айтты.

Кездесу соңында ұстаз әдеттегідей жамағат сауалына жауап берді.

Айта кетейік, әйел жамағатына арналған «Жұма насихаты» 2 айдан бері Рамазан тақырыбы бойынша жүргізілуде.​​

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру