Айя-Софияға мешіт мәртебесі қайта берілуі мүмкін

08 маусым 2020 5468 0
Оқу режимі

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Стамбул қаласындағы Айя-София ғимаратына мешіт мәртебесін қайтару туралы мәселеде асығыстық жасамауға шақырды. Әділдік және даму партиясының отырысында Ердоған бұл мәселенің мұқият зерттеліп, халықтық сауалнама жүргізілуі тиістігін ескертті.

Сондай-ақ, Түркия президенті Айя-Софияға мешіт мертебесі қайта қайтарылған күннің өзінде туристтердің бұрынғыдай ғимаратты емін-еркін тамашалауға болатынын жеткізді. Бұл жөнінде ол Сұлтанахмет алаңындағы Көгілдір мешітті мысалға келтіріп өткен.

Айта кетейік, іргетасы 600 жылдары қаланған Айя-София соборы Константинопольді азат ету кезінде аман-есен сақталып, қорғауға алынған болатын. 1453 жылы ғимаратқа мешіт мәртебесі беріліп, бес ғасырға жуық мұсылмандардың сүйікті құлшылық ордасы ретінде қызмет атқарып келген болатын. 1935 жылы Кемаль Ататүріктің бұйрығы бойынша Айя-София музейге айналған еді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру