«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «MUFTIYAT» БАСПАСЫ КІТАПТАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ФОТО)

24 қазан 2025 784 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Muftiyat» баспасының кітап жәрмеңкесі өтті.

Мешітке жұма намазына жиналған жамағатқа арналып арнайы сөрелер қойылып, баспа өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Жәрмеңкеде діни-танымдық, рухани тәрбие, отбасылық құндылықтар және ұлттық дәстүрлер тақырыбындағы түрлі кітаптар мен әдістемелік құралдар қойылды.

Келушілер өздеріне қажетті әдебиеттерді қолжетімді бағамен сатып алып, «Muftiyat» баспасының жаңа басылымдарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай жәрмеңкелердің мақсаты – елорда тұрғындарының діни сауатын арттыру, имандылыққа баулитын отандық басылымдарды насихаттау және кітап оқу мәдениетін жандандыру.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру